Сурет: Egemen Qazaqstan
Филиппинде волейболдан әйелдер арасында Азияның Ұлттар кубогі мәреге жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Гонконг (3:1), Индонезия (3:0), Иран (3:1), Ливан (3:0) және Вьетнамды (3:2) жеңді. Бес ойында қатарынан жеңіске жетіп, өз тобында бірінші орын алған отандастарымыз жартылай финалға жолдама алды. Алайда бұл кезеңде оларды Тайпей тоқтатты – 0:3 (23:25, 16:25, 14:25). Қола жүлде үшін күресте Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын команда Вьетнамнан ойсырай ұтылды – 0:3 (17:25, 12:25, 19:25).

