Сурет: Sport.es
«Реал Мадрид» жаңа маусым қарсаңында алғашқы трансферін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Клуб 27 жастағы Испания құрамасының қорғаушысы Марк Кукурельяны лондондық «Челсиден» 60 млн еуроға сатып алды. Футболшымен 2032 жылға дейін келісімшарт жасалған.
Кукурелья – Испанияның «Эспаньол» мен «Барселона» академияларының түлегі. Кәсіби мансабын 2017 жылы бастаған. Лондондық клуб сапында 113 матч өткізіп, 6 гол соққан. 2024 жылы Еуропа чемпионы атанған. Жаңа ойыншы «Реалға» әлем біріншілігі аяқталғаннан кейін қосылады деп жоспарланған.

