Альпі тауларында үш күнде 10 альпинист қаза тапты

Сурет: Bild

Альпі тауларында үш күн ішінде 10 альпинист қаза тапты. Қайғылы оқиғалар жұма күні Италиядағы Гран-Парадизо тауында басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Шамамен 3600 метр биіктікте үш альпинист қаза тапты. Құтқару қызметі дабыл сигналы түскеннен кейін олардың мәйітін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, альпинистер таудың солтүстік беткейінде құлап кеткен.

Келесі тәулікте Монблан массивінде тағы үш адам көз жұмды. Екі альпинист Монбланның Франция аумағында құлап қаза тапса, үшінші адамның мәйіті Италия жағындағы Бренва мұздығы маңынан табылды.

Сенбі күні Маттерхорн тауында француз альпинисі қаза болды. Қайғылы оқиға Тиндаль шыңында болған, марқұмның денесін Швейцария құтқару қызметі эвакуациялаған. Сондай-ақ осы күні Германиядағы Карвендель тауларында 22 жастағы альпинист шамамен 130 метр биіктіктен құлап қаза тапты. Ол әріптесімен бірге өрмелеп, екеуі бір арқанға байланып Шёттельтурм шыңына көтерілу кезінде көз жұмған.

Жексенбі түске дейін құтқару қызметтері тағы екі өлім дерегін тіркеді. 25 жастағы әйел мен 26 жастағы ер адам Италиядағы Пасубио тауында қаза тапты. Олар күрделі жартасты учаскеде шамамен 100 метр биіктіктен құлап кеткен.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды

ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды.

Президент бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, ол жарлықтың орындалу…

Президент Ішкі істер министрінен қылмыс ахуалы туралы есеп тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен ведомство жұмысы…