Categories Жайық news

Киік дипломатиясы: Енді Өзбекстанға 500 киік беріледі

Фото: t.me/ekolog.uz

Қазақстаннан 500 киік Өзбекстан аумағына көшірілмек. Бұл бастаманы Өзбекстан Республикасының экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі министрлігі көтерген. Жоба аясында сирек кездесетін жануарлардың бір бөлігі көрші елге жеткізіліп, жаңа ортаға бейімделуі бақыланатын болады.

Өзбекстан экология министрі Азиз Абдухакимов бұл туралы былай деп түсіндірді:

«Қазақстан Республикасының Экология министрлігімен бірлесіп, біз 500 жас киікті Өзбекстанға көшіруді жоспарлап отырмыз. Мамандар олардың жергілікті табиғи жағдайға бейімделуін зерттейді. Бұл — осы сирек жануар түрін сақтау жолындағы маңызды қадам».

Айта кетейік, киік Өзбекстанның Қызыл кітабына және Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне жойылу қаупі төнген түр ретінде енгізілген. Бұл жануарлар Өзбекстанда негізінен Қарақалпақстандағы Үстірт жонында, Арал теңізінің шығыс және оңтүстігі жағында, сондай-ақ кеуіп қалған теңіз табанында кездеседі. Бұрын олар Сырдария аңғарында және Ферғана жазығының жазық бөлігінде де тіршілік еткен.

2016 жылғы мәлімет бойынша, трансшекаралық үстірт киіктерінің жалпы саны – 1 900 бас. Ал Арал маңы мен бұрынғы теңіз түбіндегі тұрақты топтардың саны – шамамен 200 бас.

Еске сала кетейік, бұған дейін 1 500 бас қазақ киігі Қытайға жіберілетіні хабарланған еді. Сонымен қатар, Қазақстанмен шекаралас Ресейдің Саратов облысына шамамен 1 миллион киік көшіп барған. Ол жақта олардың бір бөлігін ату жоспарланып отыр.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…