Categories Спорт

БҚО мергендері Жастар ойындарында үздік нәтиже көрсетті!

18–25 шілде аралығында Алматы қаласында VI Жастар ойындары өтуде. Аталған бәсекеге еліміздің 6 облысы мен 3 қаласынан жалпы саны 140 спортшы қатысуда.

Батыс Қазақстан облысының мергендері нысана көздеуден жарқын ойын өрнегін көрсетіп, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

МП-5 жаттығуы бойынша жекелей сында Нина Старова — күміс жүлде иегері атанды.

Командалық есепте Нина Старова, Алиса Краденова және Сафия Испаевадан құралған команда қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, осы додада жүлделі орын алған спортшылар 16–30 тамыз аралығында Шымкент қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

Ұқсас жазбалар

Оралдық дзюдошы Фатима Сұпығалиева – Азия ойындарының чемпионы атанды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған оралдық спортшы…

Алматыдағы тарихи ойын: «Қайрат» – «Реал Мадрид» 0:5 есебімен аяқталды

Алматыдағы Орталық стадионда өткен УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайрат» пен мадридтік «Реал Мадрид» арасындағы…

«Қайрат» – «Реал Мадрид»: Алматыдағы тарихи матчта Мбаппе хет-трик жасап, Камавинга төртінші голды соқты

Алматыдағы тарихи матчта Мбаппе хет-трик жасап, Камавинга төртінші голды соқты Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар…