15 маусымда бес өңірде +39°C ыстық, найзағай мен нөсер күтіледі

Сурет: Коллаж: ЖИ

«Казгидромет» РМК 15 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағай мен бұршақ жауады. Батыс Қазақстан мен солтүстік өңірлерге мол жауын-шашын түседі. Жел күшейіп, көктайғақ болады, түнде және таңертең батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Абай облыстарында күндіз 35-39°С жоғары температура күтіледі. Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Ұлытау облысында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысы мен Жетісу облысының батысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Ақмола орталығында, Павлодардың солтүстігінде, Алматы облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-батысында өрт қауіпсіздігі жоғары.

Қызылорда және Түркістан облыстарында, Абай облысында, Батыс Қазақстанның шеткі батысында, Ақтөбенің оңтүстігінде, Қостанайдың оңтүстік-батысында, Ақмола және Павлодар облыстарының шығысында, Қарағандының батысы, шығысы және орталығында, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, Жамбылдың батысы мен оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қауіптілігі болжанды. Алматы мен Талдықорған қалаларында ауа сапасы нашарлады.

Ұқсас жазбалар

Астанада бірнеше автобус бағыты уақытша өзгерді

Астанада № 32, 65, 507 бағдарларының қозғалыс маршруты уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems»…

Тоқаев Қошановқа алғыс айтып, AMANAT-тың «Әділетке» қосылуын тарихи шешім деп бағалады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа алғыс айтып, партияның «Әділетке» қосылуын тарихи…

Нью-Йорктегі тәртіпсіздік: «Никс» жеңісінен кейін фанаттар автобусты өртеп жіберді

«Нью-Йорк Никс» 53 жылдан кейін алғаш рет ҰБА чемпионы атанған соң, Таймс-скверде жаппай тәртіпсіздік басталды.…