Сурет: ашық дереккөз
Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар сапбордпен серуендеп жүрген кезде қауіпті жағдайға тап болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ақтаудағы 4А шағынауданы маңында, жағалаудан шамамен 500 метр қашықтықта ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көмек сұраған ер адамдарды байқаған. Екеуі де құтқару кеудешесін киген, бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектескен.
Екі ер адам қайықпен жағаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ,
деп хабарлады ТЖМ.

