Categories Жайық news

Қазақстандықтар назарына: Медициналық көмек сапасына шағымдану тәртібі толық өзгерді

Қазақстанда медициналық көмектің сапасына қатысты шағым қабылдау тәртібі өзгерді. Енді арызды 1414 байланыс орталығы арқылы телефонмен қалдыру мүмкін емес, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) баспасөз қызметі мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігі «Бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталықтың қызметін ұйымдастыру және оның қызмет регламенті қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізген.

«Бұл өзгерістер азаматтардың дербес деректерін қорғау және дәрігерлік құпияны сақтау талаптарын орындау үшін 1414 байланыс орталығы арқылы медициналық көмек сапасына шағым қабылдау қызметін тоқтатуды көздейді», – деп нақтылады ӘМСҚ өкілдері.

Енді медициналық көмектің сапасына қатысты шағымды қазақстандықтар келесі екі жолмен жібере алады:

• ӘМСҚ-ның ресми msqory.kz сайты арқылы;
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы.

Дегенмен, 1414 байланыс орталығы бұрынғыдай тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша тұрғындарға кеңес беруді жалғастырады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…

Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті 

Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Бөкей Ордасы ауданының Хан ордасы ауылында «Bokei…

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.