Сурет: Egemen Qazaqstan
Австралия құрамасы Түркияны 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Канаданың Ванкувер қаласындағы BC Place стадионында D тобындағы матч өтті. Кездесудің 27-минутында Австралия есеп ашты. Нестор Иракунда Пол Окон-Энгстлердің пасынан кейін айып алаңының сол қапталынан дәл соққы жасады.
30-минутта түріктер есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Абдюлкерим Бардакджы алыстан қауіпті соққы жасағанымен, Австралия қақпашысы Патрик Бич допты қайтарды.
Үзілістен кейін Түркия құрамасы қарсылас қақпасына қысымды күшейтті. Алайда гол соққан тағы да австралиялықтар болды. 75-ші минутта Коннор Меткаф шабуылдың оң қапталына шығарылған допты кәдесіне жаратты.
Матч бойы Түркия құрамасы қарсылас қақпасына 30 соққы жасағанына қарамастан, бапкер Винченцо Монтелла шәкірттері кем дегенде бір гол соға алмады. Қорытынды нәтиже 2:0.

