Сурет: istockphoto.com
Қазақстан Ресейге сыра жеткізу көлемі бойынша Германияны басып озып, биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Ресейдегі ең ірі импорттаушылар рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елдің Ресейге сыра экспорты шамамен екі есеге артып, 2,7 миллион долларға жетті. Рейтингте бірінші орынды Қытай сақтап қалды. Бұл елден Ресейге жеткізілген сыра көлемі 9,9 миллион долларды құрады.
Үздік үштікті Армения түйіндеді. Оның экспорт көлемі 1,96 миллион доллар болған. Германиядан Ресейге жеткізілетін сыра көлемі алты есеге қысқарып, небәрі 607 мың долларды құрады.

