Categories Жайық news

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктер зақымданды

Сурет: ҚазАвтоЖол

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, жеңіл көліктерге зақым келтірді. Зардап шеккен көлік иелеріне шығынды мердігер ұйым өтеп берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, оқиға ауыр жүк көлігі өткеннен кейін болған. Жүктеме әсерінен жолдың бетон жабындысының бір бөлігі бұзылып, кейін осы учаскеден өткен бірнеше жеңіл автокөлік дөңгелектерін зақымдаған.

Жол қызметтері мен мердігер ұйым оқиға салдарын жедел жойды. Жол учаскесі нормативтік талаптарға сай қалпына келтіріліп, көлік қозғалысы штаттық режимде қайта ұйымдастырылды. Зардап шеккен көлік иелеріне шығынды мердігер компания толық өтеген. Сондай-ақ полиция департаменті аталған ұйымға айыппұл салды.

Ұқсас жазбалар

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…

Астанада арзан ет сатамын деп 3 млн теңге жымқырған ер адам ұсталды

Астанада криминалдық полиция 38 жастағы ер адамды ұстады, ол базарларда арзан ет сатамын деп алдап,…