Categories Саясат

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Азат Перуашев «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол бұл туралы партияның кезекті съезі барысында айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Перуашев партия өз құндылықтарына адалдығын талай рет дәлелдегенін айтты. Алайда оның пікірінше, қазіргі таңда заман талабына сай өзгеріп, жаңа көзқарастар мен тәсілдерге ашық болу да маңызды.

Ол кез келген ұйымның дамуына монополия кедергі келтіруі мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан мұндай жағдайдың алдын алудың ең тиімді жолы – басшылық құрамын мерзімді түрде жаңартып отыру деп есептейді. Осы себепті ол партия төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдаған.

Сондай-ақ Перуашев «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағалығына Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды. Перуашев оның кәсіби тәжірибесі, зияткерлік әлеуеті және батыл шешім қабылдай білу қабілеті партияның одан әрі дамуына серпін береді деген сенім білдірді.

Ұқсас жазбалар

Мәжіліс ҰҚШҰ елдерінде әскери күштердің болуы ережелерін жеңілдетуді қолдады

Мәжіліс депутаттары ҰҚШҰ келісімдеріне енгізілетін хаттаманы ратификациялады. Құжат әскери құрамалардың уақытша болу тетіктерін жеңілдетуге және…

Қазақстанда шетелдік шаруаларды жұмысқа алу талаптарын жеңілдету ұсынылды

«Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, ауыл шаруашылығына шетелдік…

Мәжіліс отырысында бірқатар халықаралық келісімдер мен заң жобалары қаралады

Бүгін Астанада Мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр. Жиында бірнеше маңызды заң жобасы қаралады.