Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: istockphoto.com

2026 жылғы 13 маусымға Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлытау облысында түнде батыс, солтүстік және шығыс аудандарда аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстікте жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанады. Желдің екпіні шығыс пен оңтүстікте 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Жезқазғанда түнде аздаған жаңбыр мен найзағай болады.

Қарағанды облысында батыс, солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары, ал батыс, солтүстік және орталықта төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр мен найзағай болады.

Маңғыстау облысында батыс, солтүстік-шығыс және орталық аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ақтауда да ара-тұра жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс бөлікте өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысында таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Таулы өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі жоғары, батыста төтенше деңгейде. Таразда да жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында түнде батыс пен оңтүстікте аздаған жаңбыр және найзағай болады. Күндіз солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында таулы аудандарда аздаған жаңбыр жауады. Батыс, оңтүстік және таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Алакөл маңында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы +35°С-қа дейін көтеріледі. Солтүстік пен шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Алматы облысында оңтүстік және таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы +35°С-қа дейін, солтүстікте +38°С-қа дейін көтеріледі. Қонаевта +35°С аптап ыстық күтіледі. Іле Алатауында найзағайлы жаңбыр болжануда.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Оралда да күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.

Қостанай облысында жаңбыр мен найзағай болады. Кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей өңірлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжануда. Ауа температурасы +35°С-қа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Абай облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы +35°С-қа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады.

Атырау облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей аудандарда желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжануда. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Түркістан облысында таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстікте күндіз шаңды дауыл күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте жоғары өрт қаупі, ал Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Кей аудандарда қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Астанада ара-тұра жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұқсас жазбалар

Шымбұлаққа тек электромобильдермен кіру талабы күшін жойды

Конституциялық сот Алматы әкімдігінің Шымбұлақ шатқалына тек электромобильдердің кіруіне рұқсат берген қаулысын заңсыз деп таныды.

Амнистияға кәмелетке толмаған балалары бар 200-ден астам ана мен жүкті әйелдер ілігуі мүмкін

Ішкі істер министрлігі жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған амнистия заңының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

Қазақстанда 13-15 маусымда ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі

Қазақстанда 13-15 маусым аралығында ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі, кей аймақтарда жаңбыр мен найзағай…