Сурет: Egemen Qazaqstan
Торонтодағы «Би-Эм-О Филд» аренасында әлем чемпионатының В тобындағы алғашқы ойында Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу тартысты өтті. 21-ші минутта Босния және Герцеговина сапынан Лукич Йово есеп ашты. Канадалықтар допқа иелік ету мен шабуылдауда басым болғанымен, қарсылас қақпасына гол соға алмай қиналды. Тек 79-шы минутта ойынға ауысымнан қосылған Кайл Ларин есепті теңестіріп, жергілікті жанкүйерлерді қуантты. Кездесу соңына дейін есеп өзгермеді: 1:1. Екі команда бір ұпайдан алды.

