Сурет: Egemen Qazaqstan
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформаларға тоқталып, жаңа Конституцияның қабылдануы мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және елдің орнықты дамуына негіз болғанын атап өтті.
Сонымен қатар тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, цифрландыру және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

