Categories Әлем

Германия соты канцлерді әлеуметтік желіде қорлағандарға айыппұл салуды заңды деп таныды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Германия соты Facebook әлеуметтік желісінде ел канцлері Фридрих Мерц туралы қорлайтын пікір жазған екі азаматқа салынған айыппұлды заңды деп таныды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Олардың бірі саясаткерді «Lügenfritz» («өтірікші Фриц») деп атаған. Эринген қаласының соты оған 30 күндік мөлшерлеме көлемінде айыппұл тағайындады. Бұл сома азаматтың табысына қарай есептеледі және 2 мың еуродан асуы мүмкін. Сот шешімі күшіне енді.

Тағы бір Facebook қолданушысы канцлерге қатысты дөрекі лақап ат қолданғаны үшін дәл осындай жазаға тартылды.

Жалпы Хайльбронн прокуратурасы 39 пікірді тексерген. Оның 15-і бойынша іс тоқтатылса, қалған материалдар өзге ведомстволарға жолданған немесе әлі қаралу үстінде.

Тергеуге канцлердің Хайльбронн қаласына сапары кезінде полиция жариялаған хабарлама себеп болған. Пікір авторлары Германия Қылмыстық кодексінің саясаткерлерді қорлау мен жала жабуға қатысты жауапкершілікті көздейтін 188-бабы бойынша жауапқа тартылған.

Ұқсас жазбалар

Жапонияда цунами қаупінен 181 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Филиппин жағалауында болған күшті жер сілкінісінен кейін Жапонияның бірнеше аймағында цунами қаупі жарияланып, жаппай эвакуация…

Казахский тазы триумфально представлен на World Dog Show 2026 в Болонье

В Болонье завершилось историческое для Казахстана участие казахского тазы в программе World Dog Show 2026…

Таиландта бір ай бойы жансақтау бөлімінде жатқан Алексей Вивтоненко қайтыс болды

Таиландта бір айға жуық жансақтау бөлімінде жатқан Алексей Вивтоненко қайтыс болды. Бұл туралы оның жақындары…