Сурет: Getty images
Қазақстандық боксшы Иван Дычко Ұлыбританияның Борнмут қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде қарсыласын нокдаунға жіберіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланып, қарсыластар толық он раунд бойы бокстасты. Иван Дычко алғашқы раундта-ақ қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдықты қолға алды.
Он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Бұл Иван Дычконың кәсіпқой рингтегі 16-жеңісі болды. Қазіргі уақытта оның еншісінде 16 жеңіс бар, оның 14-і нокаутпен аяқталған, сондай-ақ бір жеңілісі тіркелген.
Ал Харви Дайкс кәсіпқой мансабында алғаш рет жеңіліс тауып отыр. Бұған дейін британдықтың көрсеткіші жеті жеңіс және бір тең нәтиже болған.
Әуесқой бокста Иван Дычко екі мәрте Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған. Сонымен қатар Азия ойындары мен Азия чемпионатында да топ жарған.

