Categories Әлем

Азов теңізіндегі дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты

Сурет: istockphoto.com

Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы салдарынан бес Әзербайжан азаматы қаза тауып, тағы үш адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 5 маусымға қараған түні Азов теңізіндегі Таганрог шығанағында болған. Шабуыл Түркиядан Ростов-на-Дону портына бағыт алған «Натра» және «Зиркон» жүк кемелеріне жасалған. Кемелер тиісінше Белиз және Палау мемлекеттерінің туы астында жүзіп бара жатқан.

Әзербайжан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айхан Хаджизаде оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

«Ұшқышсыз ұшу аппараттары бортында жалпы саны 25 Әзербайжан азаматы болған екі шетелдік жүк кемесіне соққы жасады. Аталған кемелер Әзербайжан мемлекетіне тиесілі емес. Ресей тарапы шабуыл салдарынан бес азаматымыздың қаза тауып, тағы үшеуінің жараланғаны туралы ақпарат берді. Зардап шеккендер Ейск қалалық ауруханасына жеткізілді», деді Айхан Хаджизаде.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ ведомствоның бірнеше қызметкері оқиға орнына аттанған.

Министрліктің мәліметінше, зардап шеккен азаматтардың жағдайы, олардың елге қайтарылуы және қажетті консулдық көмек көрсету мәселелері ерекше бақылауда тұр.

Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, жараланғандардың жағдайы тұрақты. Олар есін біледі және Краснодар өлкесіндегі Ейск орталық аудандық ауруханасының травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Ұқсас жазбалар

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасты

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасқан. Келісімге Біріккен Араб Әмірліктері арағайын болған.

Мамыр айында шекарадан өтпек болған мыңнан астам шетелдік ұсталды

ҰҚК Шекара қызметі мамыр айында 3 881 заңбұзушыны ұстады, оның 1 125-і шетел азаматтары. Сондай-ақ…

Мәскеуде Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шара өтті. Оған тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров…