Сурет: Egemen Qazaqstan
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұйрығымен Қазақстан командасының бас бапкері ауыстырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Шорт-тректен ересектер құрамасын енді Азамат Салықұлы Сұлтанәлиев жаттықтырады. Бұған дейін бұл қызметті Пётр Гамидов атқарған. Оның басшылығымен Қазақстан екі әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Конькимен жүгіруден команданы Александр Александрович Жигин басқарады. Оның алдында бұл лауазымда Александр Панфилов болған.
Екі маман бұрын әртүрлі жас санатындағы Қазақстан командасында жұмыс істеген. Алдағы уақытта қысқы спорт түрлерінен ұлттық құрамалар 2026-2027 жылғы маусымға дайындықты бастайды.

