Сурет: Ерлан Омар/egemen/kz
Астана қалалық мәслихатының отырысында депутаттар жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасының атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Халық қалаулылары ағылшын тіліндегі аббревиатурадан бас тартып, жобаға жаңа қазақша атау беруді қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мәслихат депутаттарының талқылауынан кейін жобаға ресми түрде «Тарлан Астана» деген жаңа атау берілді. Қалалық басқарма өкілдерінің мәліметінше, атауды өзгерту барысында елорда тұрғындарынан бірнеше нұсқа келіп түскен.

