Сурет: Aikyn.kz
Германияның Зуль қаласында нысана көздеу мен стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ҰОК мәліметінше, әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасынан 26 спортшы өнер көрсетеді. Халықаралық федерация жариялаған тізімге келесі мергендер енген: Томирис Аманова, Анастасия Григорьева, Ринат Казаченко, Дмитрий Ким, Алиса Краденова, Олег Носков, Алина Сатпаева, Малика Сейл, Даниил Смирнов, Кирилл Цуканов, Тамерлан Ердембек, Рамазан Ынтықбай, Асылым Жақия.
Сондай-ақ Асылхан Айсалбаев, Мадихан Байжанұлы, Лидия Башарова, Мария Горун, Виктор Горун, Элеонора Ибрагимова, Денис Кривенко, Милана Папчихина, Максим Почивалов, Артём Ревков, Эвелина Шек, Ангелина Сорокина, Данил Стрельцов бар.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 16-26 маусым күндері өтеді.

