Categories Ақорда

Астанада 100-ге жуық коммуналдық қызметкер Әнұранды шырқады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанадағы «Бәйтерек» монументі алаңында Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық іс-шара өтті. «Астана Тазалық» мекемесінің 100-ге жуық қызметкері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елорданың тазалығы мен көркеюіне күн сайын үлес қосып жүрген коммуналдық қызметкерлер бұл бастама арқылы мемлекеттік рәміздерге деген құрметін білдірді. Кәсіпорында 1500-ден астам адам еңбек етеді.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – патриоттық рухты нығайту, ел бірлігін дәріптеу және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын насихаттау.

«Таза сана – таза қала» қағидатын ұстанған мекеме қызметкерлері қаланың тазалығын қамтамасыз етумен қатар, қоғамда отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеуге де ерекше мән береді.

Іс-шара соңында ұжым отандастарымызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

Ұқсас жазбалар

Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысының басты жобаларымен танысты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдің негізгі жобаларымен танысты.

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

Үкімет  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті және әлеуметтік бағдарланған Қазақстан құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру…

Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы лауазымынан босатылды.