Сурет: Jas Qazaq
Қазақстандағы бірқатар ірі қоғамдық бірлестіктер мен кәсіби қауымдастықтар «Әділет» партиясымен ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады. Олардың айтуынша, қолдау білдірген ұйымдар салалық ассоциациялар мен кәсіптік қоғамдастықтарды қамтиды.
«Біз «Әділет» партиясының бастамаларын қолдаймыз және бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз», – деді бірлестік өкілдері.
Партия өкілдері бұл қолдау елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге серпін беретінін атап өтті.

