Балқаш әуежайы жаңғыртылып, алғашқы рейстерін қабылдады

Сурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Балқаш қаласындағы әуежай күрделі жөндеуден өтіп, есігін қайта ашты. Қазірдің өзінде алғашқы ұшақтар қона бастады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңартылған әуежай заманауи талаптарға сай жабдықталған. Жолаушылар терминалы кеңейіп, ұшу-қону жолағы жаңартылды. Бұл өңірдің туристік әлеуетін арттырып, жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасайды.

«Біздің мақсат – Балқашты әуе қатынасы жақсы дамыған орталыққа айналдыру. Жаңа әуежай бұл бағыттағы маңызды қадам», – деді әуежай әкімшілігінің өкілі.

Алғашқы рейстер елорда мен Алматыдан қабылданды. Келесі кезекте ішкі бағыттарды кеңейту жоспарланған.

Ұқсас жазбалар

Астанадағы марафонға әлемнің 30 елінен қатысушы келеді

7 маусымда Астанада бесінші рет Astana Half Marathon өтеді. Биылғы ең ауқымды жарысқа әлемнің 30-дан…

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…