Сурет: ті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мұнай өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз әкетуге жол бермеді. Кеден бекетінде 60 млн теңгеден астам жанар-жағармай тәркіленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру барысында жүк тиелген көліктердің құжаттарында заңсыздық анықталды. Жүргізушілер мұнай өнімдерін шетелге шығаруға рұқсаты жоқ екенін мойындады.
«Заңсыз тасымалдау әрекетінің алдын алу мақсатында арнайы іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде жанар-жағармайдың ірі партиясы тәркіленіп, құны 60 млн теңгені құрады», — деді ҰҚК өкілі.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Заңсыз экспорттың алдын алу бойынша жұмыс жалғасады.

