Categories Ақорда

Тоқаев халықты Астана күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады, деп хабарлайды ZhaiyqMedia Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бұл мерекенің Домбыра күнімен тұспа-тұс келуінің символдық мәні зор екенін атап өтті.

Биыл бұл мереке Домбыра күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Қазақтың қасиетті қара домбырасы Ұлы даланың мыңжылдық бірегей мәдени мұрасын әйгілейді. Ал елордамыз Қазақстанның тұрақты әрі қарқынды өсіп-өркендеуін және жасампаз ұлттың жарқын болашаққа ұмтылысын айшықтай түседі, – деді Президент.

Президент Астананың ел өміріндегі айрықша орнын атап өтті. Оның айтуынша, бас қала – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Мұнда халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданып, озық идеялар жүзеге асады. Сондай-ақ, қалада еңбекқорлық пен білімге деген ұмтылыс, бірлік пен келісім берік орныққан.

Астана Орталық Еуразияның жауһары, заманауи Қазақстанның келбеті саналады. Халықаралық қауымдастық бас қаламызды бітімгершілік бастамаларды жүзеге асырып, жаһандық диалог орнату ісінде ерекше рөл атқаратын бейбітшілік шаһары ретінде біледі, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, елорда түбегейлі өзгерістер мен ауқымды реформалардың бастауы ретінде Әділетті, Таза және Қуатты Қазақстанды құру жолында маңызды рөл атқара береді.

Сүйікті қаламыз өркендеп, гүлдене берсін!, – деп түйіндеді құттықтауын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан мен АҚШ стратегиялық минералдар саласында ынтымақтастық орнатты

Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары маңызды және сирек кездесетін минералдар саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол…

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ өкілдерімен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы Марк Рубио және Трамп әкімшілігінің өкілдерімен…

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордаға жұмыс сапармен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Президент өңірдің өндірістік, инфрақұрылымдық және…