Сурет: Aikyn.kz
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктер алдағы күндері суық ауа райы күтілетінін хабарлады.
, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидромет мамандарының мәліметінше, солтүстік аймақтарда түнгі температура -30 градусқа дейін жетеді. Оңтүстікте де аяз күшейіп, күндіз де суық болады.
«Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, бұрқасын соғады. Жолдарда көктайғақ болады», — дейді синоптиктер.
Батыс Қазақстан облысында да температура күрт төмендейді. Оралда түнгі аяз -25 градусқа жетеді.
Мамандар жылы киініп, жолда абай болуға шақырады. Қатты аязда көлікпен ұзақ жолға шықпауға кеңес береді.

