Сурет: prm.ua
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатының (Ролан Гаррос) екінші айналымында күтпеген жеңіліске ұшырады. Ол украиналық теннисші Юлия Стародубцевадан басым түсе алмады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Матч шиеленісті өтті. Рыбакина бірінші сетті 6:3 есебімен жеңіп алғанымен, кейін қарсыласына инициативаны беріп қойды. Екінші сетте Стародубцева 6:4 есебімен есепті теңестірді.
Шешуші сетте украиналық теннисші сенімді ойын көрсетіп, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бұл Рыбакина үшін үлкен сюрприз болды, өйткені ол турнирдің басты фавориттерінің бірі саналатын.
Енді Рыбакина Ролан Гарростағы жолын аяқтаса, Стародубцева үшінші айналымға жолдама алды. Қазақстандық теннисшінің бұл жеңілісі жанкүйерлерді қатты ренжітті.

