Сурет: aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Бұл – мұсылман қауымы үшін ең ұлық әрі киелі күн, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы мерекенің мәні – бірлік, мейірімділік және қайырымдылық екенін атап өтті. Ол Құрбан айттың рухани құндылықтарды нығайтып, қоғамды біріктіретін маңызды күн екеніне тоқталды.
«Құрбан айт – бір-бірімізге қамқор болып, мұқтаж жандарға көмек көрсететін ерекше мереке. Осындай игі дәстүрлер халқымыздың бірлігін бекемдейді», – деді Президент.
Президент барша мұсылман қауымына бақ-береке, денсаулық және амандық тіледі. Ол мерекенің әр отбасына шаттық әкеліп, еліміздің бейбітшілігіне сеп болуын тіледі.

