Сурет: Egemen Qazaqstan
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы құттықтауында бұл мерекенің рухани мәніне тоқталып, мұсылмандардың бірлігі мен ынтымағын нығайтатынын атап өтті.
Құрбан айт – мейірімділік пен қайырымдылықтың символы. Осы күндері жақсылық жасап, мұқтаждарға қол ұшын созу – әрбіріміздің парызымыз, – деді Тоқаев.
Президент мерекенің баршаға бақыт пен береке әкелуіне тілектестік білдіріп, елдегі тыныштық пен татулықты сақтауға шақырды.

