Categories Жайық news

Мәскеуде Әзербайжандық қылмыс әлемінің серкесі ұсталды

Ресей астанасында «Вагиф Бакинский» лақап атымен танымал Вагиф Сулейманов тұтқындалды. Ол Әзербайжаннан шыққан, криминалдық ортада ықпалды «вор в законе» ретінде белгілі.

Вагиф Сулейманов 1965 жылы 15 тамызда Тбилисиде дүниеге келген. Кейін Бакуге, одан соң 1990-жылдары Ресейге қоныс аударған. 2006 жылы Мәскеуде есірткі сақтағаны үшін тұтқындалған. РБК дерегінше, ол бірнеше мәрте сотты болған. 2013 жылы түрмеден шыққан соң, Сулейманов 18 миллион рубль бопсалады деген күдікпен қайта ұсталған.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Сулейманов алдағы үш айын арнайы мекемеде өткізеді, содан кейін елден депортацияланады. Құқық қорғаушылар оны Мәскеуде ұстаған. Әлеуметтік желілерде тараған видеода Сулейманов өзін ұстап тұрған қызметкердің сұрағына жауап бермей, «Сіз авторитетсіз ба?» деген сауалға үн қатпайды.

Сулеймановпен қатар, 2 шілдеде Орынборда тағы бір «вор в законе» Заур лақап атымен белгілі азамат ұсталды. Ол Ресейде жазасын өтейді деп хабарланған.

Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…