Сурет: Egemen Qazaqstan
Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзи Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оны Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қарсы алып, екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.
«Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік қарым-қатынастар жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Парламентаралық диалог – осы байланыстың маңызды бөлігі», – деді Ерлан Қошанов.
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Чжао Лэцзи Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін қолдайтынын жеткізді.
Сапар барысында Қытай делегациясы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қоюды жоспарлап отыр.

