Сурет: Egemen Qazaqstan
Дастан Мұхамедрахым Францияның Канн қаласында өткен WIBA Travel Awards марапатында «Үздік саяхатшы-блогер 2026» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл – қазақстандық контентмейкерлер үшін үлкен жетістік. Дастанның саяхат туралы бейнежазбалары халықаралық қазылар алқасының көзіне түсіп, үздік деп танылды.
«Мен үшін бұл – үлкен мәртебе. Қазақстанның табиғатын, мәдениетін әлемге танытуды жалғастырамын», – дейді жеңімпаз.
WIBA Travel Awards – әлемдегі ең беделді туристік блогерлер байқауы. Дастан бұл жеңісімен еліміздің атын шығарып, жаңа биіктерге жол ашты.

