Сурет: Қазақ спорт және туризм академиясы
Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сәтпаевқа арнайы академиялық грант табыстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл грант жас дарынды спортшыны қолдау мақсатында берілді. Академия басшысы өз сөзінде Дастанның жетістіктерін атап өтіп, оның болашағынан зор үміт күтетінін жеткізді.
«Дастан – біздің мақтанышымыз. Оған берілген грант оқу мен спортты қатар алып жүруге мүмкіндік береді. Біз оның жеңістерін күтеміз», – деді Қайрат Закирьянов.
Дастан Сәтпаев – жас футболшы, бірнеше жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен. Ол енді академияда оқуын жалғастырып, спорттық мансабын дамытады.

