Categories Әлем

Қазақстан аусыл індетінен таза деп танылды — Орталық Азияда жалғыз

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан ресми түрде аусыл індетінен толық арылған елдер қатарына қосылды. Бұл мәртебе Орталық және Шығыс Азия аймағында елімізге ғана беріліп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы Қазақстанды аусылдан таза аймақ деп ресми тіркеді. Бұл — ветеринария саласындағы үлкен жетістік. Енді еліміз мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауда шектеулерден құтылады.

«Бұл — біздің ветеринарлар мен мал шаруашылығы саласындағы мамандардың жылдар бойғы еңбегінің нәтижесі. Енді халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілігіміз артады», — деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.

Аусыл — ірі қара мен шошқа сияқты тұяқты жануарларда кездесетін аса жұқпалы вирус. Ауру жануарлардың өнімділігін төмендетіп, экономикаға үлкен зиян келтіреді. Қазақстан бұған дейін де аусылға қарсы вакцинация және қатаң карантин шараларын жүргізіп келген.

Мамандардың айтуынша, бұл мәртебе Қазақстанның экспорттық әлеуетін едәуір кеңейтеді. Әсіресе ет және сүт өнімдерін шетелге шығару жеңілдейді.

Ұқсас жазбалар

Песков: Ресей Үшінші дүниежүзілік соғысты бастамайды деп мәлімдеді

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков швейцариялық БАҚ-қа берген сұхбатында Ресей ешқашан Үшінші дүниежүзілік соғысты…

Өзбекстанда бес сәби дүниеге келді

6 шілдеде Әндіжан қаласындағы №2 перзентханада кесір тілігі арқылы бес сәби өмірге келді.

Қазақстан азаматтары БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз ауыстыра алады

25 шілдеден бастап Қазақстан мен БАӘ арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы меморандум…