16 облыста дауылды ескерту: қар, бұршақ, тұман күтіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

23 мамыр күні Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, елдің басым бөлігінде ауа райы күрт өзгереді. Кей өңірлерде қар жауып, бұршақ пен тұман түсуі мүмкін.

Дауылды ескерту әсіресе солтүстік, шығыс және орталық аймақтарға қатысты. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп күтілуде.

«Қазақстанның 16 облысында 23 мамырға арналған дауылды ескерту жарияланды. Жауын-шашын, найзағай және тұман күтіледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады: жолда абай болу, көлік жүргізу кезінде жылдамдықты азайту, далада ұзақ уақыт болмау керек.

Ұқсас жазбалар

Астанада есірткі сақтаған ер адам ұсталды: екі пәтерден 4 келі зат тәркіленді

Астанада полиция 35 жастағы ер адамды есірткі сақтады және таратты деген күдікпен ұстады. Оның екі…

Астанада Тәуелсіздік даңғылы екі күнге жабылады: көлік жүргізушілерге ескерту

22-23 мамыр күндері Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы жөндеу жұмысына байланысты жабылады. Көлік жүргізушілеріне айналма жолдарды пайдалану…

130 жыл бұрын дүниеге келген «дала академигі»: Жазылбек Қуанышбаевтың есімі ұмытылмайды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған атақты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың…