Сурет: Egemen Qazaqstan
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Кездесуде конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қошанов Палатаның атқарған қызметі туралы баяндады. Ол реформаларды жүзеге асыру барысында қабылданған заңдар мен түзетулерге тоқталды.
Президент заңнамалық жұмыстың сапасына ерекше назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ депутаттардың халықпен кері байланысын күшейту қажеттігін айтты.

