Оралда Фиксиктер референдумға дауыс беруге келді

Орал қаласының тұрғындары тағы да  ерекшеленіп, референдумға “Фиксиктер” мультфильмінің кейіпкері бейнесінде келді. Балалар мен жасөспірімдер арасында танымал мульткейіпкер №268 референдум учаскесінде «жанданып» кеткендей әсер қалдырды.

«Мен бүгін референдумға келдім, өйткені бізде бір жақсы сөз бар: егер кішкентай бөлшек дұрыс жұмыс істесе, бүкіл механизм де жақсы жұмыс істейді.
Біздің еліміз де үлкен механизмге ұқсайды. Ал әрбір азамат – сол механизмнің маңызды бөлшегі. Бүгін өз дауысымды беріп, болашақтың бір “бұрандасын” бірге бұрап жатырмыз», – дейді танымал мультсериалдың «тіріліп кеткен» кейіпкері.

 

Мұндай перформанс №268 референдум учаскесіне келген сайлаушыларды бей-жай қалдырмады. Бүгін мұнда адамдардың қарасы онсыз да көп, ал “Фиксиктердің” келуі қарапайым өтіп бара жатқан тұрғындардың да назарын аударды.

Азаматтық ұстанымды осындай жарқын түрде білдіруге кейіпкерді мультфильмнің басты ұраны шабыттандырған.

«Фиксиктер әрқашан: “жөндейік, жақсартайық, жаңартайық” дейді. Мен де жаңа, әділ әрі дамыған Қазақстанды бірге құруға өз үлесімді қосқымыз келеді.
Сондықтан бүгін мен тек костюммен ғана келген жоқпын. Мен жаңа Қазақстанды бірге құру идеясына сеніп келдім», – деп бөлісті жұмбақ кейіптегі жас.

Мульткейіпкердің костюмін киген жас жігіт өзінің жеке басын тек учаскелік референдум комиссиясының мүшелеріне ғана ашып, дауыс берушілер тізімінде белгілену кезінде таныстырды.

Ұқсас жазбалар

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3,3 мыңнан асты

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3342-ге жетіп, жарақат алғандар 16,7 мыңнан асты. 6462…

Астана күні елордада 24 сәби дүниеге келді

6 шілдеде Астана күні сағат 00:00-ден бастап елордада 24 нәресте өмірге келді. Бұл туралы қала…

Синоптиктер 6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазақстанның басым бөлігінде 6 шілдеде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік және шығыс өңірлерде найзағай мен…