Синоптиктер 22 мамырға ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстікте түнде және таңертең үсік жүруі мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстікте күндіз ауа температурасы 25-30 градусқа дейін көтеріледі.

