Биыл 1 сәуірден бастап Қазақстанда балалар сауықтыру орталықтарына лицензия алу міндеттелді. Бұрын мұндай талап болмаған еді, енді әр лагерь арнайы рұқсатсыз жұмыс істей алмайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа ереже бойынша, лагерьлер қауіпсіздік, тамақтану және медициналық қызмет көрсету стандарттарына сай болуы керек. Лицензия алмағандарға айыппұл салынады.
«Бұл шара балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды. Енді әрбір лагерь мемлекеттік бақылаудан өтеді», – деді Оқу-ағарту министрлігінің өкілі.
Жаңа жүйе ата-аналарға сенімді лагерь таңдауға көмектеседі. Мамандардың айтуынша, бұл балалардың денсаулығына кері әсер ететін жағдайларды азайтады.

