Categories Жайық news

ҚАЗАҚСТАН–КОРЕЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ: БҚО-ДА КЕЗЕКТІ ТЕЛЕМЕДИЦИНА КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ  

Орал қаласында алғаш рет «Жасанды интеллект негізіндегі зияткерлік телемедицина» атты Қазақстан–Корея халықаралық симпозиумы өтті. Ауқымды шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Корея Республикасының Католиктік Квандонг университеті жанындағы «Әулие Мария» халықаралық клиникасының президенті Ко Донг Хён бастаған делегация және өңір дәрігерлері қатысты.

Халықаралық симпозиум аясында облыстық көпбейінді ауруханада жаңа телемедицина бөлмесі салтанатты түрде ашылды. Бұл жоба — аймақ басшысының 2025 жылғы қараша айында Оңтүстік Кореяға жасаған жұмыс сапары кезінде бекітілген маңызды меморандумдардың нақты нәтижесі. Екіжақты келісім аясында биыл неврология және нейрохирургия саласындағы оралдық 10 маман «Әулие Мария» клиникасында тағлымдамадан өтті.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев қашықтан медициналық қызметті дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының өңірде жүйелі орындалып жатқанын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген Ұлттық даму жоспарында айқындалған бағдарлы көрсеткіштің бірі – 2029 жылға дейін орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу. Осы мақсат-міндеттерді орындау жолында жүйелі жоспар бар. Бүгінгі халықаралық симпозиум мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған келісімдердің іске асуы жергілікті мамандардың біліктілігін арттырып, жаңа жетістіктерге жол ашады. Оңтүстік кореялық әріптестермен орнатылған тиімді байланыс барлық тарап үшін нәтижелі болмақ, – деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде клиника президенті Ко Донг Хён да бірлескен жобаларды жан-жақты дамытуға дайын екенін жеткізді. Халықаралық іс-шарада шетелдік мамандар жасанды интеллект көмегімен ауруды ерте анықтау, телемедицинадағы зияткерлік шешімдер және цифрлық деректер қауіпсіздігі бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті.

Ұқсас жазбалар

Степногорда 50 жылдық жылу құбырлары ауыстырылады

Степногорда 1973 жылы іске қосылған жылу магистралінің тозған құбырлары ауыстырылады. Әкімдік жөндеу жұмыстарын бастауға дайындалып…

БҚО тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша көшбасшы өңірлер қатарына кірді  

2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 776,5 млн АҚШ долларын…

Оралда №18а кәріз-сорғы стансасы іске қосылды   

Өңірде инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі Президент тапсырмалары жүйелі орындалып келеді. Кейінгі 3 жылда су бұру…