Шахтинскіде гараж өртінен жасөспірім қаза тапты: денесі өртенген жерден табылды

19 мамыр күні кешке Шахтинск қаласындағы Молодежная көшесінде жеке гаражда өрт шықты. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпып, ондағы заттар мен екі мотоциклді жалмады. Өрт сөндірушілер келгенше тілсіз жау қатты дүркіреп үлгерген.

Өртті ауыздықтау барысында құтқарушылар гараж ішінен жасөспірімнің денесін тапты. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен зардап шеккен жасөспірімнің жеке басы тексерілуде. Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Ұқсас жазбалар

Қарақұрт маусымы: Қазақстандағы ең улы өрмекшіден қалай сақтануға болады

Қазақстанда қарақұрттар белсенділігі артты. Мамандар табиғат аясында сақ болуға шақырады.

Астанада Керей Жәнібек хандары көшесінің бір бөлігі жөндеуге жабылады

Астанада Керей Жәнібек хандары көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады. Көлік қозғалысы шектеледі.

Астанада Құрбан айтта мал қайда шалынады: 27-29 мамырға арналған орындар белгілі

Астанада Құрбан айт күндері (27-29 мамыр) құрбандық шалуға арналған арнайы орындар белгіленді. Толық мекенжайлар әкімдік…