Жапонияның оңтүстік-батыс жағалауында күшті жер сілкінісі болды. Магнитудасы 5,9-ға жеткен дүмпулер жергілікті тұрғындарды үрейлендірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы тереңдігі шамамен 30 шақырым болған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.
Мамандар алдағы күндері дүмпулер қайталануы мүмкін екенін ескертеді. Тұрғындарды сақ болуға шақырады.
Жапония билігі цунами қаупі жоқ екенін хабарлады. Дегенмен, аймақтағы сейсмикалық белсенділік бақылауда тұр.

