Categories Жайық news

Шерзат Болатты өлтірді деген күдіктілердің жетеуі апелляциялық шағым түсірді

Шерзат Болаттың өліміне байланысты үкім шыққан соң, айыпталушылардың басым бөлігі апелляциялық шағым берген. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Адвокаттың айтуынша, 21 маусым күні сот үкімі заңды күшіне енген. Сол күннен бастап, сондай-ақ сотталушылар үкімді қолдарына алған күннен кейінгі 15 тәулік ішінде шағым түсіруге құқықтары бар.

«Қазірдің өзінде сотталушылар мен олардың қорғаушыларының басым бөлігінен апелляциялық шағым келіп түсті. Тек Шыңғыс Белғожаев пен кәмелетке толмаған Думан Ысқақтан басқа барлық сотталушы шағым түсірген. Апелляциялық сот отырысының нақты күні кейінірек хабарланады», – деді қорғаушы.

Еске салайық, 5 маусымда Талғар аудандық сотында кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты үкім шыққан болатын. Сот процесін судья Ержан Жанұзақов жүргізді.

Сот үкімімен:

  • Абзал Шынасыл – 23 жылға,
  • Равиль Сакиев – 20 жылға,
  • Азамат Тоқтаубаев – 15 жылға,
  • Нұрқияс Ілиясов – 9 жылға (бұған дейінгі 2,5 жыл шектеу жазасын ескере отырып),
  • Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жылға сотталды,

Ал Думан Ысқақ ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) бойынша 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның изолятордағы бір күні екі күн ретінде есептелетін болды.

Ұқсас жазбалар

Менің Оралым

Батыс Қазақстанның жүрегінде орналасқан Орал қаласы – тарих пен заманауи өркениет тоғысқан ерекше мекен. Еуропа…

Оралдың жылу жүйесі жаңарды

Қаланың инфрақұрылымдық жүрегі – жылу жүйесі. Әкім Мұрат Байменовтың айтуынша, соңғы жылдары бұл салада ауқымды…

Оралда жаңа мектептер салынып, білім инфрақұрылымы жаңарып келеді

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салудың маңыздылығын атап өтті.…