Президент Ақалтеке тұқымды құлындарға Ақниет және Бөрте есімін берді

Сурет: Президент Телерадиокешені

Мемлекет басшысы асыл тұқымды Ақалтеке жылқыларын тамашалады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Телерадиокешенінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев жақында құлындаған екі биенің төлін көріп, жаңа туған құлындарға Ақниет және Бөрте деген аттарды қойды.

Президент «Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар» деген қазақы тәмсілді еске салып, жас арғымақтардың желмен жарысқан жүйрік болуын тіледі.

Бұған дейін Президент тазы мен төбетті ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жөнінде тапсырма берген еді.

Ұқсас жазбалар

Елордадағы тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде 14 адам құтқарылды

Елордадағы тоғыз қабатты тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде 14 адам құтқарылды, оның ішінде 5…

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді. Тозу деңгейі 61 пайыздан асатын үйлер жөнделмейді.

Астанада полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарды

Астанада учаскелік полиция инспекторы Рахметолла Нұрымов 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды.