Categories Саясат

«Әділет» партиясы «AMANAT» мүшелерінің қосылуын маңызды қадам деп бағалады

Сурет: adilet-partiyasy.kz

«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының басшылығы мен мүшелерінің өз қатарына қосылу туралы шешіміне ресми алғыс білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Партия бұл қадамды маңызды әрі жауапты шешім деп бағалап, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құру саясатын қолдау ретінде қабылдайтынын атап өтті.

Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады.

«Бүгінде алдымызда халықтың игілігі үшін еңбек ету, азаматтардың өмір сапасын арттыруға ықпал ету, заң үстемдігі мен әділеттілікті нығайту, елдегі оң өзгерістерді қолдау сынды ортақ мақсат тұр. «Әділет» партиясы жауапкершілік, адал еңбек және Қазақстанның даму жолындағы құндылықтарын қолдайтын барша азаматқа ашық», делінген партия мәлімдемесінде.

Сонымен қатар «Әділет» партиясы қоғам игілігіне бағытталған бастамаларды алдағы уақытта да жалғастыратынын жеткізді.

Еске сала кетейік, Астанада «Amanat» партиясының кезекті съезі өтіп, партия мүшелері мемлекетті дамыту бағытында атқарылған жұмыс нәтижесін қорытындылап, «Әділет» партиясына қосылу идеясын қолдады.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Көктемгі шақыру қорытындысы: Қазақстан әскері 21 мыңнан астам азаматпен толықты

Көктемгі шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 18 бен…