Президент: Түркі тілдеріне ортақ терминология керек

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталды. Басқосуда Президент түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы түркі халықтарының ортақ тілдік мұрасын сақтау мен дамыту маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, терминологиялық бірлік түркі елдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.

«Бізге ортақ терминдер мен ұғымдар жүйесін жасау керек. Бұл түркі тілдерінің ғылым мен технологиядағы орнын күшейтеді», – деді Президент.

Саммитте түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту мәселелері де талқыланды. Жиынға қатысушылар ортақ жобаларды жүзеге асыру жолдарын қарастырды.

Ұқсас жазбалар

Бет-әлпетті жасырған 1100-ден астам адам жауапқа тартылды

ІІМ қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыратын киім кигендерді жауапқа тартуды жалғастыруда. Биыл 1 100-ден астам адам…

Әскери бөлімде жараланған сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы нашарлады: жансақтауда жатыр

Ұлттық ұланда ауыр ми жарақатын алған сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылды.…

28 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт суытады: жаңбыр, найзағай мен күшті жел күтіледі

28 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт суытады: жаңбыр, найзағай және күшті жел күтіледі.…