Categories Спорт

Kazakhstan Open: Батырхан Төлеуғали, Самирхон Абабакиров пен Бейбарыс Қабылан чемпион атанды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада өтіп жатқан таеквондодан Kazakhstan Open рейтингтік турнирінде ересектер арасында Қазақстан командасы үш алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші орындарды Самирхон Абабакиров (-68 кг), Батырхан Төлеуғали (-87 кг) және Бейбарыс Қабылан (+87 кг) иеленді. Финалда Самирхон тунистік Фарес Боужемайды басымдықпен ұтса, Батырхан Париж Олимпиадасының чемпионы, Африка ойындарының екі дүркін жеңімпазы Фирас Катуссиді (Тунис) жеңді. Ал аса ауыр салмақта Бейбарыс өзбекстандық Марат Мавлоновтан басым түсті.

Қазақстан командасы бүгін үш алтын, үш күміс және жеті қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады. Жалпы есепте Түркия бірінші (6 алтын, 1 күміс, 10 қола), Қазақстан екінші (3 алтын, 3 күміс, 7 қола), Өзбекстан үшінші (2 алтын, 4 күміс, 1 қола) болды.

Ертең жарыс жастар арасында жалғасады. Kazakhstan Open G-1 санатындағы жарыста Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік ұпай беріледі. Турнир күзде Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың бір кезеңі саналады.

Ұқсас жазбалар

Бельгия Жаңа Зеландияны 5:1 есебімен жеңіп, топ жеңімпазы атанды

Бельгия құрамасы Жаңа Зеландияны 5:1 есебімен жеңіп, G тобында бірінші орынға ие болды. Бельгиялықтар турнирдің…

Александр Усик барлық чемпиондық белбеулерінен бас тартатынын мәлімдеді

Украиналық ауыр салмақтағы боксшы Александр Усик өзіне тиесілі барлық әлем чемпионы белбеулерінен бас тартатынын мәлімдеді.

Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы Kazakhstan Open турнирінде топ жарды

Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы Kazakhstan Open халықаралық турнирінде бірінші орын алды. Ел спортшылары 5 алтын,…