Categories Жайық news

Дзюдошы Бекболат Иса «Балқадишаны» орындап танылды

Атырауда жас дзюдошы әрі өнерпаз Бекболат Иса облыстық спорт басқармасынан арнайы марапат алды. Татамидің үстінде отырып, «Балқадиша» әнін әсерлі орындаған жас спортшы әлеуметтік желілерде кеңінен танылып, жұрттың ыстық ықыласына бөленген болатын.

Жас спортшының жетістігі мен өнері бағаланды

Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы дарынды спортшыны қабылдап, құрмет көрсетті. Кездесуде басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Сыдықов Бекболаттың спорттағы жеңістерімен қатар өнер саласындағы қабілетін де жоғары бағалады.

– Сен дзюдо залында, татамидің үстінде отырып осы әнді шырқап, спортты, оның ішінде дзюдоны ерекше насихаттадың. Осындай жасөспірімдердің жан-жақты дамуы – бүгінгі ұрпақтың жарқын болашағының айғағы. Олар – ел үміті, – деді ол.

Бекболат Иса – облыс чемпионы

14 жастағы Бекболат Иса – Атырау қаласындағы №1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Ол дзюдо күресімен айналысады және 42 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүр. Бүгінде Бекболат – облыс чемпионы, сондай-ақ бірнеше республикалық жарыстардың жүлдегері.

Жаттықтырушыға алғыс айтылды

Шара барысында Нұрбол Сыдықов жас спортшының жетістіктеріне үлкен үлес қосқан жаттықтырушы Аслан Табынбаевқа алғыс білдіріп, оның еңбегін ерекше атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…