Categories Жайық news

Көкшетауда 152 млн теңге субсидия жымқырған басшылар 6 жылдан астам мерзімге сотталды

Көкшетауда мемлекеттің 152 миллион теңгесін жымқырған екі агрокәсіпорынның басшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сот «МолПродЖарқайың» АШӨК директоры мен «Рассвет» шаруа қожалығының басшысын кінәлі деп тапты. Анықталғандай, олар екі жыл бойы сүт пен ірімшік өндірісіне мемлекеттік субсидия алу үшін жалған шот-фактураларды пайдаланып келген. Іс жүзінде шаруашылықта құжатта көрсетілгендей мал басы болмаған.

Сот үкімімен екеуі де 6 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.

Келтірілген залалды өтеу үшін сотталушылардың 6 жер телімі, 4 пәтері және 11 автокөлігі бұғатталды. Сонымен қатар ұрланған қаражатқа сатып алынған мобильді ғимарат тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктер зақымданды

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, жеңіл көліктерге зақым келтірді.…

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…